Салқындатқыш сұйықтықты қалай дұрыс қосып толтыру керек

Салқындатқыш сұйықтықты толтыру ережелерін әр автомобильші білуі керек. Бұл мәселе салқындатқыш сұйықтық деңгейінің төмендеуі мәселелерін шешу барысында пайда болады. Сұйықтық жеткіліксіз болған кезде қозғалтқыштың нашар салқындауы қаупі бар, сәйкесінше қызып кетуі мүмкін, бұл қозғалтқыш бөлшектеріне қатты зақым келтіруі мүмкін. Антифризді толтыруға болады, бірақ мұны салқындатқыш сұйықтығы түріне және процедураның реттілігіне қатысты мәселелерді түсініп, біліп, дұрыс жасау керек. Бұл мақалада біз салқындатқыш сұйықтықты қалай дұрыс қосу керектігі туралы сөйлесеміз.

Антифриз – бұл жылуды кетіретін және осылайша қызған қозғалтқышты салқындататын арнайы сұйықтық, ал төмен мұздату температурасының арқасында бұл процесс температураның кең диапазонында тиімді жүреді. Бұл антифриз құрамындағы су мен спирттің оңтайлы қатынасына байланысты мүмкін болады. Өз кезегінде, қоспалар пакеті коррозия тежегіштерін қолдану арқасында автомобиль бөлшектерін коррозиядан қорғауға мүмкіндік береді.

Ауыстыру үшін антифриз таңдау

Көбінесе, антифриздің ағуы болған кезде, автомобильге құйылғанға ұқсас салқындатқыш сұйықтықты сатып алып, оны жүйеге азайған сұйықтықтың үстіне қосымша құя салу жеткілікті деп ойлаймыз. Алайда, бұл дұрыс шешім емес. Сіздің әрекеттеріңіз нақты жағдайға байланысты болуы керек.

Антифризді құймас бұрын, дұрыс шешім қабылдау үшін, екі себепті анықтау керек. Егер сұйықтықтың ағып кеткеніне сенімді болсаңыз, онда Сіз автокөлігіңіздің нұсқаулығында көрсетілген антифризді құя аласыз. Ал егер, салқындатқыштың қайнап кетуі жағдайында жүйеге тек дистилденген, яғни тазартылған су құю қажет.

Ең дұрысы, салқындатқышты үстіне құйып толтыру қажет болса, өзіңіздің автокөлігіңіздің өндірушісі ұсынған салқындатқыш сұйықтықты немесе бұрын құйылған салқындатқышты ғана пайдалану керек. Өйткені, бұл нұсқауды сақтамаған жағдайда, салқындату жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Егер жалпы көлемнің 30% – дан астамын құю қажет болса немесе автокөлігіңіздің қозғалтқышына қандай антифриз құйылғанын білмесеңіз, толығымен жаңа сұйықтық құйған дұрыс.

Көптеген адамдар антифриздер түсімен ерекшеленеді деп ойлайды, бірақ ол қате ұғым, олар құрамы бойынша ерекшеленеді. Тиісінше, карбоксилат антифриздерін тек карбоксилат антифриздерімен, ал гибридтілерді гибридті антифриздермен ғана араластыруға болады, алайда әртүрлі типтегі салқындатқыш сұйықтықтарды араластыруға қатаң тыйым салынады. Бүгінгі таңда сатылымда құюға толығымен дайын антифриздер де, сондай-ақ концентраттар да толып тұр. Бұған ерекше назар аударыңыз, өйткені концентратты орамдағы нұсқауларға сәйкес сұйылтылмаған күйде қолдануға болмайды.

Бөлісу:

Оқи отырыңыз:

02.11.2021

Антифризге су қосуға бола ма

Салқындатқыш сұйықтық қайнап кеткен жағдайда жүйеге тек дистилденген (тазартылған) су қосыңыз. Алайда бірнеше маңызды жайттар бар

01.11.2021

Ауыстыру үшін антифризді таңдау

Көбінесе, антифриздің ағуы болған кезде, автомобильге құйылғанға ұқсас салқындатқыш сұйықтықты сатып алып, оны жүйеге азайған сұйықтықтың үстіне қосымша құя…

31.10.2021

Антифризді қашан қосу керек

Антифризді қосу келесі жағдайларда қажет. Кеңейту багының корпусынан, радиатордан, келте құбырлардан, қосылыстардан және т.б. ағып кетуіне байланысты салқындату…

22.10.2021

Қоспалар дегеніміз не

“Антифризге арналған қоспалар” туралы бәріміз естігенбіз, бірақ оның нені білдіретінін бәрі біле бермейді. Бұл жазбада біз қоспалар дегеніміз не және олар салқындатқыш…

19.10.2021

Кавитация дегеніміз не

Кавитация дегеніміз не және ол автомобиль қозғалтқышына неге түзетілмейтін зиян келтіреді?

19.09.2021

Сапалы антифриздің құрамы неден тұрады?

Қазіргі заманғы сапалы антифриздерде, соның ішінде NORD антифризінде 3 негізгі компонент қолданылады

08.08.2021

NORD өнімдерінің сапасын бақылау

NORD өнімдерінің барлық желісі барлық қажетті жоғары дәлдікті жабдықтармен жабдықталған өз зертханасында өндірістің барлық кезеңдерінде сапаны бақылаудан өтеді.

22.05.2021

NORD антифризінің негізгі 7 артықшылығы

NORD өнімі – бұл сіздің салқындату жүйеңізді қорғауға және дұрыс жылу режимін қамтамасыз етуге арналған антифриздердің кең спектрі