Салқындатқыш сұйықтық қайнап кеткен жағдайда жүйеге тек дистилденген (тазартылған) су қосыңыз. Алайда бірнеше маңызды жайттар бар
Кавитация дегеніміз не және ол автомобиль қозғалтқышына неге түзетілмейтін зиян келтіреді?
⠀
Поршень тік бағытта жоғары жиілікпен қозғалғанда, иінді білік көлденең айналады. Әртүрлі бағыттағы бұл қозғалыстар қозғалтқыш цилиндрлерінің беткі құрылымында қатты тербелістер тудырады. Цилиндрдің сыртқы қабырғасы антифризмен қоршалғанына қарамастан, ағынның инерциясы вакуумдық қалталар қалыптастырады, нәтижесінде пайда болған ауа көпіршіктері жарылып, металдың кішкене бөліктерін жұлады.
⠀
Қозғалтқыш ақауларының шамамен 40% – ы салқындату жүйесіндегі проблемаларға байланысты екендігі анықталған.
⠀
Қозғалтқыштың жұмысындағы істен шығулар мынадай түрде көрінеді:
⠀
🔺1) піспек сақиналарының шөгуі;
⠀
🔺2) піспектердің тозуы;
⠀
🔺3) клапандардың күйіп кетуі;
⠀
🔺4) мойынтірек коррозиясы;
⠀
🔺5) помпаның бұзылуы.
⠀
Бұл істен шығулардың себебі негізінен кавитацияның салдарынан коррозияның болуы болып табылады, сондықтан оны қорғау үшін, арнайы қоспалар пакеті бар жоғары сапалы антифризді қолдану керек. ⠀
“NORD” антифризінің құрамында функционалды қоспалар пакеті бар, соның есебінен цилиндр қабырғасында немесе салқындату арнасында қорғаныс қабатын құру арқылы деструктивті кавитация бейтараптандырылады, сондай – ақ қозғалтқыш помпасының қанатшасын кавитациядан қорғайды, яғни антифриз ағынының жылдамдығы жоғарылаған кезде қысымды төмендету есебінен қанатшаның қалақтарының ұштарында пайда болатын көпіршіктердің пайда болуы мен бүркілуін тежейді.
⠀
«NORD» антифризін қолданыңыз және өзіңіздің автокөлігіңіздің салқындатқыш жүйесінің қауіпсіздігіне сенімді болыңыз.
Бөлісу:
Салқындатқыш сұйықтық қайнап кеткен жағдайда жүйеге тек дистилденген (тазартылған) су қосыңыз. Алайда бірнеше маңызды жайттар бар
Көбінесе, антифриздің ағуы болған кезде, автомобильге құйылғанға ұқсас салқындатқыш сұйықтықты сатып алып, оны жүйеге азайған сұйықтықтың үстіне қосымша құя…
Антифризді қосу келесі жағдайларда қажет. Кеңейту багының корпусынан, радиатордан, келте құбырлардан, қосылыстардан және т.б. ағып кетуіне байланысты салқындату…
“Антифризге арналған қоспалар” туралы бәріміз естігенбіз, бірақ оның нені білдіретінін бәрі біле бермейді. Бұл жазбада біз қоспалар дегеніміз не және олар салқындатқыш…
Қазіргі заманғы сапалы антифриздерде, соның ішінде NORD антифризінде 3 негізгі компонент қолданылады
NORD өнімдерінің барлық желісі барлық қажетті жоғары дәлдікті жабдықтармен жабдықталған өз зертханасында өндірістің барлық кезеңдерінде сапаны бақылаудан өтеді.
Салқындатқыш сұйықтықты толтыру ережелерін әр автомобильші білуі керек. Бұл мәселе салқындатқыш сұйықтық деңгейінің төмендеуі мәселелерін шешу…
NORD өнімі – бұл сіздің салқындату жүйеңізді қорғауға және дұрыс жылу режимін қамтамасыз етуге арналған антифриздердің кең спектрі