Инновациялар энергиясы

Біз 2009 жылдан бері жоғары сапалы салқындатқыш және техникалық сұйықтықтарды өндірумен қатар сіздің жабдықтарыңыздың сенімділігін қамтамасыз етеміз

17+
Жылдан астам тәжірибе
50 000т
Жылына шығарылатын өнім
500+
Серіктестер саны
5
Экспорт елдері

Даму тарихы

Oil Drop
2008

Идеяның пайда болуы

Салқындатқыш сұйықтықтарды импорттаумен айналысқан пікірлес адамдар тобы — Поезжалов И.В., Сандулов А.В. және Чалтабаев А.А. — жергілікті өндірістің әлеуетін байқады. Қонаев қаласында (бұрыңғы Қапшағай) теміржол тұйығы бар 0,5 га жер телімі сатып алынып, алғашқы зауыттың құрылысы басталды

about.timeline.items.0.images.0.altabout.timeline.items.0.images.1.alt
2009

Өндірісті іске қосу

Зауыт ресми түрде іске қосылды. Бастапқы қуаттылығы — айына 500 тонна салқындатқыш сұйықтық. Бірінші жылдың өзінде сұраныс өндірісті айына 1 200 тоннаға дейін ұлғайтуды талап етті, ал жылдық сату көлемі 13 000 тоннаға дейін жетті

about.timeline.items.1.images.0.altabout.timeline.items.1.images.1.altabout.timeline.items.1.images.1.alt
2013

Өзіміздің қаптамамыз

Kautex үрлеу машиналарында канистр өндіретін цех іске қосылды. 2014 жылға қарай зауыт өзін 5 және 10 литрлік канистрларымен толық қамтамасыз етті. 2015 жылы 1 литрлік бөтелкелер, ал 2019 жылы 20 литрлік канистрлер өндірісі игерілді. Ұжым 10 адамнан 190 адамға дейін өсті

about.timeline.items.2.images.0.altabout.timeline.items.2.images.1.altabout.timeline.items.2.images.1.alt
2021

VDA лицензиясы — AdBlue

Германия автомобиль өнеркәсібі қауымдастығы (VDA) дизель қозғалтқыштарына арналған жоғары сапалы несепнәр ерітіндісі — AdBlue өндірісіне лицензия берді. 2022 жылы ҚР Сауда Министрлігінің қолдауымен Оңтүстік Кореяға 700 тонна AdBlue экспортталды

about.timeline.items.3.images.0.altabout.timeline.items.3.images.1.alt
2024

NORD ELECTRO

Электромобильдерге арналған салқындатқыш сұйықтықтардың жеке технологиясы әзірленді. Электромобиль саласының заманауи талаптарына сәйкес келетін NORD ELECTRO өнімі сериялық өндіріске енгізілді

about.timeline.items.4.images.0.altabout.timeline.items.4.images.1.alt
2025

BASF-пен серіктестік

Coolmax өнімін Glysantin® технологиясы бойынша өндіруге BASF концернімен лицензиялық келісімге қол қойылды. Жалпы өндірілген өнім көлемі 20 000 тоннадан асты. Ресейге, Моңғолияға, Өзбекстанға, Қырғызстанға және Әзербайжанға экспорт жүзеге асырылуда

about.timeline.items.5.images.0.altabout.timeline.items.5.images.1.altabout.timeline.items.5.images.1.alt

Біздің миссиямыз

Біз озық технологиялар мен сапа стандарттарын енгізу арқылы сала көшбасшысы болуға ұмтыламыз.

Инновациялар

Жеке зертхана және жаңа рецептураларды тұрақты әзірлеу.

Сапа

Шикізаттан бастап қаптамаға дейін барлық кезеңдерде қатаң бақылау.

Экология

Қауіпсіз өндіріс және экологиялық нормаларға сәйкестік.